БҰҰ бітімгерлік миссиясы: Әскери қызметкер қаза тапса, оның отбасына қандай көмек көрсетіледі?

19 Қаңтар 2024, 14:20
877
Бөлісу:
БҰҰ бітімгерлік миссиясы: Әскери қызметкер қаза тапса, оның отбасына қандай көмек көрсетіледі?
Фото: BAQ.KZ - архив

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменің бастығы Олжас Құсайынов бітімгерлікке барған әскери қызметкер қайтыс болған жағдайда қандай көмек берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Рота Голан биіктеріндегі миссияға жіберіледі. Ротаның саны – 39 адам. Бұдан бөлек 15 брондалған машина, 6 жүріп өту мүмкіндігі бар арнайы автомобиль, 4 камаз, 1 микроавтобус та бар. Техника БҰҰ ұсынымдары бойынша іріктеп алынды, - деді ол.

Оның сөзінше, әскери қызметкер қаза тапса, оның отбасына ақша беріледі.

Заңнамаға сәйкес қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы 60 айлық жалақы көлемінде ақша алады. Сонымен қатар БҰҰ 77 мың доллар төлейді. Мүгедектікке немесе басқа да жарақат алуына байланысты, тиісті комиссия құрылып, солар айқындайды, - деп түсіндірді Олжас Құсайынов.

Оның айтуына қарағанда, 139 әскери қызметшінің ішінде 7 әйел бар.

Өзгелердің жаңалығы