Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

10 Қараша 2023, 02:10
3422
Бөлісу:
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: facebook.com/Куандык Бишимбаев

Қазақстандық БАҚ-та бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы жазылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дереккөздерде бұрын жемқорлық үшін сотталған Қуандық Бешімбаев қаладағы мейрамханалардың бірінде әйелін мас күйінде ұрғаны туралы жазылған. Бишімбаевтың әйелі жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болған.

ІІМ мейрамханада жанжал болып, салдарынан бір әйелдің көз жұмғанын растады. Алайда осы оқиғаға қатысты не күдіктінің не көз жұмған адамның аты-жөнін атамады.

Астана ПД жедел басқару орталығына қала мейрамханаларының бірінде келушілер арасында жанжал болып, салдарынан бір әйел дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Күдікті ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл ауданының полиция басқармасы және жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес осы қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтерді ұсынылмайды", - делінген полиция хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы