Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыртқыштары бар кадрлар Инстаграм әлеуметтік желісіндегі walk.burabay парақшасында жарияланған.
Куәгерлердің айтуынша, бір топ қасқыр 30 қаңтарға қараған түні көгілдір шығанақтың маңындағы Бурабай көлімен жүріп өткен.
Видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қасқырлар осылай топтасып жүреді десе, енді бірі мұның қаңғыбас иттер екенін айтады.