Бурабайда суретке түспек болған әйел жардан құлады

12 Маусым 2023, 16:13
905
Бөлісу:
Бурабайда суретке түспек болған әйел жардан құлады
Фото: BAQ.KZ

Бурабайда отбасымен қыдырып барып, суретке түспек болған әйел, жардан құлап, қаза болды, деп жазады BAQ.KZ.

Бурабайда Бөлектау тауынан құлаған әйел қайтыс болды. Қайғылы оқиға 11 маусымда болған. Аталған оқиғаны Ақмола облысы полициясының баспасөз қызметінен растады, деп жазады Zakon.kz. 

Полицейлердің мәліметінше, марқұм күйеуімен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге Бурабай ауданы аумағына Астанадан келген.

Бөлектау тауының шолу алаңына көтерілу кезінде әйел суретке түскісі келді, алайда ол 15 метр биіктіктен құлап, құлаған кезде тасқа соғылды, - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ өлімге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқаны белгілі болды.

Полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарын абай болып, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, - делінген Ақмола облысы ПД баспасөз хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы