Бурабайда пикник алаңдары салынды

23 Маусым 2023, 08:42
836
Бөлісу:
Бурабайда пикник алаңдары салынды
Фото: baq.kz

«Бурабай» ұлттық табиғи паркінің аумағында алғаш рет пикник жасайтын 35 алаң салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның тоғызы тынығу орны. Ал қалғанында от жағып, тамақ пісіруге болады. Олар Үлкен және Кіші Шабақты көлі жағасындағы демалыс орындарында орналасқан. Мұнда туристерге барлық жағдай жасалған. Шағын алаңқай, кәуап пісіретін арнайы орын бар.

Мамандар бұл өрттің алдын алып, жағажайдағы экологиялық тазалықты сақтауға мүмкіндік береді дейді.

Кісілерге өте ыңғайлы. Бұрында мысалы адамдар өздері тамақ пісіріп жүруші еді. Бұл өртке қауіпті. Сондықтан өрт қаупі болмасын деп орман ішінде емес, көлге жақын ағашы жоқ жақта осындай пикник зоналар орнаттық. Инспекторлар келіп тазалап тұрады. Адам көп болса бір сағаттан кейін қайта шашылады. Сондықтан адамдарды экологиялық тәртіпке үйрету керек, - дейді серіктестіктің бас директоры Дәурен Пернебаев.

Өзгелердің жаңалығы