Бурабай ұлттық саябағында заңсыз ағаш кескендер ұсталды

8 Қазан 2019, 06:35
2198
Бөлісу:
Бурабай ұлттық саябағында заңсыз ағаш кескендер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының бірқатар ауданында заңсыз ағаш кесу оқиғасы анықталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарлады. 

"Облыс аумағында қазанның 5-31 күндері табиғатты қорғау заңнамасының қорғалуын қамтамасыз ету, биологиялық ресурстар өнімі мен нысандарының заңсыз айналымын, экологиялық қылмыстарды ашу бағытында "Браконьер" жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Шараның алғашқы күні Ақмола облыстық ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өңірлік органдары бірлесіп жүргізген тексеріс кезінде Солтүстік орман шаруашылығы аумағында 36 квартал, 39 еншісінде жалпы көлемі 0,7 текше метр ағаштың оталғаны анықталды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен қатар, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орман шаруашылығы аумағында 105 квартал, 17 еншіде қайың және қарағай ағаштарының заңсыз кесілгені белгілі болды. Табиғатқа келтірілген шығын көлемі 499 000 теңгені құрады.  

"Жедел іздестіру шарасы кезінде Степняк қаласы мен Зеренді селосының 56 және 36 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде олардың үстінен заңсыз ағаш кесуге қатысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік орман қорында заңсыз ағаш кескен адамдарға ҚР ҚК 340-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы