Буллингке қарсы челленджге 5 мыңнан астам оқушы қатысты

2 Мамыр 2023, 14:04
1184
Бөлісу:
Буллингке қарсы челленджге 5 мыңнан астам оқушы қатысты
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының хабарлауынша, «Менің класым буллингке қарсы» челленджіне 5000-нан астам қазақстандық оқушы қосылды, деп жазады BAQ.KZ.

Іс-шара оқушылар мен мұғалімдер назарын жәбірлеу мәселесіне аудару, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында буллингке қарсы ой қалыптастыру мақсатында өткізіледі. 

Айта кетейік, республикалық акция 19 мамырға дейін жалғасады. 

Челлендж қорытындысын «Менің класым буллингке қарсы» жалпы республикалық флешмобымен аяқтау жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы