Бұл күнді жылы шыраймен еске аламыз - композитор

24 Наурыз 2023, 19:00
1974
Бөлісу:
Бұл күнді жылы шыраймен еске аламыз - композитор
Фото: el.kz

Еркеғали Рахмадиев атындағы Елордалық мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этнофольклорлық тобының көркемдік жетекшісі, композитор Шолпан Қорғанбек өз таңдауын жасағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Барлық қазақстандықтар еліміздің одан әрі өркендеуі үшінсаяси науқандарға қатысуы керек. Сайлау – мемлекетті демократияландырудың негізі, сондықтан қоғамымыз дұрыс бағытта келе жатыр. Бүгінгі таңда электорат үшін күрес өзінің логикалық қорытындысына келді. Көптеген сайлаушылар мерекелік көңіл-күйде», – деді ол. 

Сондай-ақ, сайлау учакелеріндегі жағдайды да атап өтті. 

«Елордалықтар өзін жақсы жағынан көрсете алатын депутаттыққа лайықты кандидаттарды таңдағанына сенімдімін. Қала тұрғындары бұл күнді жылы шыраймен еске алады. Таңертеңнен бастап мұнда патриоттық әндер шырқалады және жалпы бірліктің ерекше таңғажайып атмосферасы орнады. Біз елдегі одан әрі бейбіт өмірге, тыныштық пен экономикалық тұрақтылыққа үміттенеміз. Бүгінгі таңда мемлекет әлемдік деңгейде танымал болып келе жатқан ұлттық мәдениетті дамытуға көп көңіл бөлетіні қуантады», – деді Шолпан Қорғанбек.

Өзгелердің жаңалығы