Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

21 Шілде 2019, 09:04
1283
Бөлісу:
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады.

"Атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінің кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы, найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, тек батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін, солтүстіктің кей жерінде дауыл күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі", - делінген хабарламада.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе, Қостанай облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жауы ықтимал. Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының таүлы аймақтарында найзағай күтіледі.  

Сондай-ақ, синоптиктердің болжауынша, күндіз Алматы, Қызылорда облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, кей жерлерінде Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, кей жерлерде Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы