Бүгін – Дүниежүзілік анестезиолог күні

16 Қазан 2022, 14:05
1488
Бөлісу:
Бүгін – Дүниежүзілік анестезиолог күні

Бүгін 16 қазанда медициналық қауымдастық Дүниежүзілік анестезиолог күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.



Бұл маңызды мамандық дәрігерлерін хирург дәрігерлердің таптырмас серіктері болған «ауырсынуды бастатын абзал қорғаншы» деп атайды, өйткені кез-келген хирургиялық араласудың және инвазивті манипуляцияның сәттілігі мен қауіпсіздігі дұрыс анестезияға байланысты.

Тек анестезиологтар ауырсынуды басатын дәрілерді шебер таңдап, «жасырын» тамырларды тауып, науқастарды «туннельсіз» анестезиядан шығара алады, бұл тағыда сіздердің бірегейліктеріңізді, шеберліктеріңізді және адалдықтарыңызды көрсетеді.
Құрметті анестезиологтар, реаниматологтар және анестезистер мерекелеріңіз құтты болсын! Қажырлы еңбектеріңіз, ұйқысыз өткізген түнгі кезекшіліктеріңіз, бірнеше сағатқа созылған операцияларыңыз, әрбір пациентке көрсеткен көмектеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз, - деп жазды ДСМ баспасөз қызметі өз құттықтауында.

Өзгелердің жаңалығы