Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға ұшып келеді

27 Ақпан 2023, 11:01
1071
Бөлісу:
Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға ұшып келеді
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бүгін Қазақстанға ұшып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Энтони Блинкен өзінің Twitter-дегі парақшасында әуежайдағы суретін жариялап, жазба қалдырды.

Бұл менің мемлекеттік хатшы ретінде Қазақстан мен Өзбекстанға алғаш баруым. Орталық Азиямен серіктестік қарым-қатынастың әрі қарай дамуына мүдделіміз. Бұл жерден Үндістанға G20 кездесуіне барамын, - деп жазды ол.

Еске салсақ, ҚР СІМ  2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайтынын мәлімдеген болатын. Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді. 

Өзгелердің жаңалығы