Бучадағы жағдай: Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақыруды талап етті

4 Сәуір 2022, 11:55
1154
Бөлісу:
Бучадағы жағдай: Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақыруды талап етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей тарапы Украинаның Буча қаласындағы бейбіт тұрғындардың өлімін жоққа шығарып, бұл оқиға сахналанған деп атады.

Бұл туралы TACC хабарлады.  

Сондай-ақ Бучадағы  жағдайға байланысты Мәскеу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақыруды талап етті.

Ресей Украинадағы операцияның барлық мақсаттарына жетеді, деді жексенбі күні «Мәскеу.Кремль .Путин» бағдарламасы аясында РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Ол оның алдында «Беларусь-24» телеарнасына берген сұхбатында Украинаны демилитаризациялау «қарқынды түрде жүріп жатыр» деп айтқан болатын.

РФ Қорғаныс министрлігінің хабарлағандай, демалыс күндері Ресей әскерилері дәл басқарылатын қарулармен Полтава мен Днепрдегі аэродромдарды жарамсыз еткен, сондай-ақ Одесса маңындағы мұнай өңдеу зауыты мен үш жанармай қоймасын қиратты. Киев облысындағы аэродромға жасалған соққы Украинаның авиациялық және әуе қорғаныс күштерін ескерту және бақылау орталығын істен шығарған. 

Өзгелердің жаңалығы