Бублик Швейцарияда әлемнің тоғызыншы ракеткасына жол берді

29 Қазан 2022, 07:37
849
Бөлісу:
Бублик Швейцарияда әлемнің тоғызыншы ракеткасына жол берді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасты.

Канадалық спортшы 1 сағат 12 минутқа созылған матчта 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Ф.Оже-Альяссим 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. А.Бубликтің есебінде 10 эйс қана бар.

Канадалық спортшы финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькараспен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, тағы бір испаниялық Пабло Карреньо-Бустаны жолдан тайдырды – 6:3, 6:4.

Александр Недовесов пен Андрей Голубев осы Базельде 29 қазан күні хорватиялық Иван Додиг – америкалық Остин Крайчекпен жартылай финалдық матчын өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы