ҰБТ-ға телефонмен келіп жатқандар көп

20 Маусым 2019, 08:53
5664
Бөлісу:
ҰБТ-ға телефонмен келіп жатқандар көп
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. Бүгін еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. 


Елордадағы  Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі пунктке тест тапсыруға келген балалардың басым бөлігінде телефон бар екен. Оны  дауыстап комиссия мүшелері ашты. 

ҰБТ-ға телефонмен келіп жатқандар көп

Осыдан 2 күн бұрын су жаңа білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов телефон ұстамауға кеңес берген болатын.

«Түлектер мен ата-аналарға айтарым: ең бастысы - уайымдамау керек. Адам өзімен бірге «шпаргалка» немесе ұялы телефон алып жүрсе, ең алдымен, өзінің мазасы кетеді. Ең біріншіден, «аудиторияға оны қалай кіргізем» деп басы қатады», - деген болатын үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәжілісінде.

ҰБТ-ға телефонмен келіп жатқандар көп

Айта кетейік, ҰБТ-ға барлығы 117 242 адам қатысады, оның 96 мыңнан астамы биыл мектеп бітірген түлектер. Мемлекет бакалаврға - 53758 мың грант, магистратураға - 13 мың грант, докторантураға 2312 грант бөліп отыр.
Өзгелердің жаңалығы