Британияда вирустан көз жұмғандар тағы рекордтық көрсеткішке жетті

11 Қараша 2020, 13:46
1368
Бөлісу:
Британияда вирустан көз жұмғандар тағы рекордтық көрсеткішке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғалы бері мұнда 49 770 адам коронавирустан көз жұмған. Ал өткен тәуілікте 532 адам қайтыс болды, деп жазды korrespondent.net. 

Мұндай рекордтық көрсеткіш соңғы рет 12 мамырда болған еді. Ол кезде бір тәуілікте 614 адамның өлімі тіркелген. 

Соңғы тәулікте Ұлыбританияда 20 412 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Пандемия басталғалы бері 66 миллион халқы бар корольдіктің 1,2 миллионы вирусқа шалдыққан. Эпидемиологиялық жағдай бойынша Ұлыбритания әлемде сегізінші, Еуропада төртінші орында тұр. 

5 қарашада өлім көрсеткішін төмендету мақсатында Англияда карантиндік шаралар енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы