Британдық ғалымдар робот-дегустатор ойлап тапқан

18 Мамыр 2022, 08:28
1910
Бөлісу:
Британдық ғалымдар робот-дегустатор ойлап тапқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық ғалымдар тамақтың дәмін татып көретін робот ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылғы тағамда тұз немесе бұрыш жеткілікті екенін «танитын» арнайы ультра сезімтал сенсорлармен жабдықталған. Жоба әзірлеушілерінің идеясына сәйкес, бұл зерттеу жетілдірілген аспаздық машинаны жасауға көмектеседі.

Роботтар оңай тамақ пісіріп қана қоймай, оны әр клиенттің талғамын ескере отырып жасай алады.

Өзгелердің жаңалығы