Брекешев киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты

15 Маусым 2022, 11:39
1601
Бөлісу:
Брекешев  киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты. 

Киік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген. Ол жойылып кетіп бара жатқан түрге жатады. 2016 жылдан бастап ақбөкендерді көйбейту жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда есептеу өткізілді. Олар 1 млн 300 мың басты құрап отыр. Біз оларды сақтап қалу үшін барлығын жасадық. Енді олардың көбеюін реттеуді жүзеге асыру мәселесі тұр. Бионегізделу аяқталған соң нақты киіктердің санын реттеудің лимиті бекітіледі, - деді Брекешев. 

Министр атағандай, киіктердің санын реттеуге оларды ату да кіреді. 

Сондықтан оның барлығы биологиялық ғылыми негіз аясында ғана жүзеге асырылады. Қатаң түрде лимит сақталады. Қазір жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына құзырлы мемлекеттік органдар, атап айтқанда Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі де кіреді. Бұл сұрақтардың барлығы әлі де қаралып жатыр. Нақты шешім кейін шығады. Киіктердің санын реттеуге рұқсат етілсе, атуға рұқсат берілуі мүмкін, - деді министр. 

Айта кетейік, осыған дейін дала жануарлары  шаруалардың егінін таптап, кедергі келтіруіне байланысты олар киіктерді атуға рұқсат сұраған еді. 

Өзгелердің жаңалығы