БҚО-да Бөкейорда табиғи резерваты мен Ащыөзек табиғи қорығы құрылды

2 Шілде 2022, 14:31
2262
Бөлісу:
БҚО-да Бөкейорда табиғи резерваты мен Ащыөзек табиғи қорығы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында Бөкейорда табиғи резерваты мен Ащыөзек табиғи қорығы құрылды.

Бұл туралы Azattyq Ruhy хабарлады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, Орал популяциясының саны 801 мың бас киікті құрайды. Демек төрт түлік пен киіктер үшін жайылым мен суаттар жетіспеуі мүмкін. Сондай-ақ, ақбөкендер ауыл шаруашылығы дақылдарын таптап жатыр.

Киіктердің ауыл шаруашылығына тигізетін зиянын барынша азайту және ақбөкендердің Орал популяциясының мекендеу аумағын сақтау мақсатында Батыс Қазақстан облысында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды. «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалының ауданы 314504,1 гектарды, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ауданы 343040,1 гектарды құрайды, - деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Аталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда, Жәнібек, Қазталов, Жаңақала аудандарының аумағында орналасқан.

Сондай-ақ, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы және Ұлыбритания құстарды қорғау корольдік қоғамы (RSPB) арасында келісімге қол қойылды. Осы келісім аясында резерват қызметіне қаржылық қолдау және ғылыми сүйемелдеу көрсетілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы