Жамбыл облысының борышкерлері мембюджетке 10 млн теңге "пайда" түсірді

1 Ақпан 2020, 09:43
1555
Бөлісу:
Жамбыл облысының борышкерлері мембюджетке 10 млн теңге "пайда" түсірді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 28-31 қаңтар аралығында Жамбыл облысы аумағында "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.  

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарды әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу туралы хабарландыру.  

WhatsApp Image 2020-01-31 at 15.00.34.jpeg

Алдын алу іс-шарасының үш күні ішінде сот орындаушыларының қаулысына сәйкес Патрульдік полиция батальонының инспекторларымен "Автоураган" және "Арқан" мобильді кешендері арқылы борышкерлердің 184 көлігі арнайы автотұрақтарға қойылды. 

Сонымен қатар, Тараз қалалық Полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлерімен 1284 борышкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерулер жүргізілді. 

Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 2020 жылы 1266 әкімшілік материал бойынша мемлекеттік бюджетке өндірілген шығын шамамен 10 млн 120 мың теңгені құрады. Өткен жылдардағы нәтижелермен қоса есептегенде, жалпы өндірілген айыппұл көлемі 19 миллион 120 мың теңгені құрап отыр, - деді ведомство өкілдері.
WhatsApp Image 2020-01-31 at 15.00.35 (1).jpeg

Жамбыл облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы айыппұлдарды онлайн-режимде, екінші деңгейлі банктердің кассаларында, сондай-ақ, мобильді қосымшалардағы интернет-сайттар арқылы тексеруге және төлеуге болатындығын хабарлайды. 

WhatsApp Image 2020-01-31 at 15.00.35.jpeg


Өзгелердің жаңалығы