Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сонау XVII ғасырдан бастап адам жерлене бастаған «Бөрілген қорымы» Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылынан солтүстік-шығыс бағытта шамамен 35 шақырым қашықта орналасқан.
Өңірлік мәдениет басқармасы жергілікті тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау жобасы аясында аталған қорымда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге «Мұрагер-Маңғыстау» серіктестігімен келісімшартқа отырды.
Жалпы сомасы 11 млн теңгеге бағаланған бұл жұмыстары осы сәуір айында басталады деп күтіліп отыр.
Тағы бір атап кетерлігі, Маңғыстау ауданында орын тепкен «Қызылқала қалашығында» жалғасып жатқан археологиялық жұмыстарды аяқтауға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланды. Бұл бағыт бойынша өтінім-құжаттар 13 сәуірге дейін қабылданатын болады. Орта ғасырларда бой көтерген «Қарауылкүмбет» «Жоғарғы маяк» және «Төменгі маяк», «Шіркеу» сынды тарихи және мәдени ескерткіштерге арнайы ғылыми-жобалық құжатнама дайындалуы үшін тағы бір серіктестікпен келісім жасақталды. Бұл бағытта атқарылатын іс-шараларға 8276,8 мың теңге жұмсалады деп жоспарланған - деді аймақтық мәдениет басқармасының басшысы Пәния Сармурзина.
Оқи отырыңыз: