Болжам бойынша жаңа оқу жылында 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж болады – министр

16 Тамыз 2022, 11:15
1316
Бөлісу:
Болжам бойынша жаңа оқу жылында 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж болады – министр

Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министрлік жатақханалардағы орындарға қажеттілік туралы деректерді жаңарту бойынша жұмыс жүргізді. Бүгінгі күні 28 ЖОО білім алушыларды 100% жатақханамен  қамтамасыз ете алады. Болжам бойынша жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ретте ең үлкен қажеттілік Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады, - деді ол. 

Министр қандай жоғарғы оқу орнында қанша тапшылық болатынын айтты. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15 122 төсек -орын, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде - 4 500, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде - 4 000, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде – 3 000, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-5 000 төсек-орынға деген қажеттілік бар,- деді ол. 

Министрдің айтуынша, жатақханалардағы орындардың жетіспеушілігіне жалға берілетін тұрғын үйдің қымбаттауы да әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ теміржол көлігі мен авиаұшуларға билеттердің қымбаттауы және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы орын алуда екенін атап өткім келеді. Бұл кешенді мәселе және оны шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға ЖОО білім алушылары үшін қонақ үйлер мен хостелдерде тұру бағаларын реттеуді пысықтауды сұраймыз, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы