"Болашақ" бағдарламасын қандай өзгерістер күтіп тұр?

8 Желтоқсан 2023, 13:36
492
Бөлісу:
"Болашақ" бағдарламасын қандай өзгерістер күтіп тұр?
Фото: Арман Мухатов - архив

Болашақ бағдарламасын қандай өзгерістер күтіп тұр? Бұл туралы Bolashaq бағдарламасының әкімшісі Әлия Оспанова мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің бағдарлама медициналық және техникалық кадрларды дайындауға бағытталған. Сонымен қатар өзге де ғылыми бағыттарды қарастырып жатыр. Ғылыми 500 тағылымдаманы іске асырды. Қазіргі таңда 700-ден астам ғалымымыз әлемнің ең алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарына барып, тәжірибе алмасып келді. Бұл жұмыстардың нәтижесін алдағы уақытта көреміз деп ойлаймын, - дейді Әлия Оспанова.

Оспанова "Болашақ бағдарламасында түлектер саны қысқаруы мүмкін бе" деген сұраққа жауап берді.

Бағдарламадағы бүкіл өзгерістер Ұлттық комиссияның шешімі арқылы қабылданады. Жыл сайын түлектер санына байланысты біз көбейтуге немесе азайтуға ұсыныс береміз, - дейді ол.

Бұған дейін Оспанова бағдарлама бойынша елге оралмаған 270 түлектің берешегі қанша екенін айтқан еді. Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" түлектерін құттықтады.   

Өзгелердің жаңалығы