"Мемлекет адал азаматты қолдайды". Президент "Болашақ" түлектерін құттықтады

8 Желтоқсан 2023, 11:03
577
Бөлісу:
"Мемлекет адал азаматты қолдайды". Президент "Болашақ" түлектерін құттықтады
Фото: Арман Мухатов - архив

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын түлектерге жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті форумға қатысушылар! Баршаңызды Болашақ халықаралық стипендиясының белгіленгеніне 30 жыл толуымен құттықтаймын. Бұл - Қазақстанның әрбір түпкірінде дарынды жастарға жол ашқан теңдессіз бағдарлама. Осы бірегей жоба мемлекетімізде озық ойлы әрі білікті кадлар резервін қалыптастыруға зор септігін тигізді. Болашақ бағдарламасының мыңдаған түлектері бүгінде түрлі салада оң өзгерістердің жаршысы болып, еліміздің игілігі үшін табысты еңбек етіп жүр, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда Қазақстанды өркендете түсу үшін серпіліс керегін айтады.

Біздің алдымызда ел экономикасының құрылымын қайта түзеу, саяси жүйені одан әрі жаңғырту және шын мәнінде әділетті әрі инклюзивті қоғам қалыптастыру сияқты ауқымды міндеттер тұр. Осы орайда білім беру саласына инвестиция салу және азаматтардың өз әлеуетін толық пайдалануына мүмкіндік жасау аса маңызды. Мемлекет адал азаматқа тән қасиеттерді бойына сіңірген дарынды, еңбекқор, талапты жастарды қолдайды, – дейді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы