"Болашақ". Елге оралмаған 270 түлектің берешегі қанша?

8 Желтоқсан 2023, 12:32
8732
Бөлісу:
"Болашақ". Елге оралмаған 270 түлектің берешегі қанша?
Фото: автордан

Bolashaq бағдарламасының әкімшісі Әлия Оспанова елге оралмаған болашақтықтарды не күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл болашақ бағдарламасының 30 жылдығына орай 500-ден астам "Болашақ" түлектері елдің әр түпкірінен келіп, салтанатты түрде жиынымызға қатысып жатыр. Бүгін біз "Болашақ" бағдарламасының жаңа логотипі мен трансформациясы жайлы айттық. Жаңа логотипте қарлығаштың бейнесі бар. Ол "түлектер шетелге қарлығаштай ұшып, ұяларына қайтып оралады" деген мағынада жасалды, – дейді Әлия Оспанова "Болашақ" Халықаралық стипендиясының 30-жылдығына арналған мерекелік форумда.

Оспанованың айтуынша, өкінішке қарай "Болашақпен" оқуға кеткен 270-тей отандасымыз елге оралмаған.

Иә, 270 түлегіміз келмеді, бірақ ол 15 мың түлектің 1 пайызын ғана алып отыр. Олардың ұялары елде тұрады ғой, жалпы мемлекетке 1,5 млрд теңгедей қаржы қайтарылуыға тиіс. Оларға заңды шаралар қолданылып жатыр, – дейді ол.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" халықаралық стипендиясының белгіленгеніне 30 жыл толуымен құттықтады. Президенттің сөзінше, бұл - Қазақстанның әрбір түпкірінде дарынды жастарға жол ашқан теңдессіз бағдарлама.

Өзгелердің жаңалығы