"Болашақ" бағдарламасы керек пе? – министр жауап берді

14 Қараша 2024, 12:44
1321
Бөлісу:
"Болашақ" бағдарламасы керек пе? – министр жауап берді
Фото: Арман Мухатов - архив

Сенат кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек “Болашақ” бағдарламасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Болашақпен» өте көп маман оқыды. Қазір олар қызметте, жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде хирургтар, инженерлер және ұстаздар бар. Өкінішке қарай олардың жұмысы көрінбейді. Қазіргі таңда біз Халықаралық бағдарламалар орталығына тағы тапсырма береміз. Сол қарапайым қызметкерлерді шығарып көрсету үшін, – деді ведомство басшысы.

Саясат Нұрбектің жеке пікірінше, “Болашақ” бағдарламасы әлі де керек.

Қазір президент тапсырмалары бар. Жаңа стратегиясы пысықталып жатыр. Мысалы келесі жылдан бастап жасанды интеллект бойынша арнайы квота енгізіледі. Split PhD деген бағдарлама енгізіледі. Бұл шетелдік университеттерді қолдау үшін керек. Сондықтан «Болашақ» бағдарламасы керек. Бізге әлі тиісті кадрлар жетіспейді. Бізде сарапшылар қалыптаспаған бағыттар бар: жасанды интеллект, ядролық энергетика секілді. Сондықтан «Болашақ» бағдарламасын мамандандырылған бағытқа бұрамыз. Ол жұмыс істей береді, – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы