Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды

4 Қараша 2022, 06:25
2168
Бөлісу:
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды

Амманда (Иордания) бокстан өтіп жатқан 2022 жылғы Азия чемпионатында Назым Қызайбай жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Назым Қызайбай 1/8 финалда 50 келіге дейінгі салмақта тай боксшысы Чутхамат Раксатпен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша отандасымыз ширек финалға жолдама алды.

Азия чемпионатында әйелдер арасынан еліміздің атынан алда әлі Алуа Балқыбекова (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Мәдина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) сынды спортшы қыздар өнер көрсететінін еске сала кетелік.

Өзгелердің жаңалығы