Блок-бекеттер қойылды. Алматы облысында күдікті изолятордан қашып кетті

22 Қазан 2024, 10:36
793
Бөлісу:
Блок-бекеттер қойылды. Алматы облысында күдікті изолятордан қашып кетті
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы облысында адам зорлады деген күдік бойынша уақытша ұстау изоляторында отырған күдікті қашып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Уақытша ұстау изоляторынан адам зорлады деген күдік бойынша қамауда отырған азамат К қашып кетті. Осыған байланысты "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды, - делінген Алматы облысы полиция департаменті таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, күдікті изолятордан қалай қашып кеткенін анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы