Блинкен мен Тілеуберді келіссөз жүргізіп жатыр

28 Ақпан 2023, 13:02
518
Бөлісу:
Блинкен мен Тілеуберді келіссөз жүргізіп жатыр
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізу үшін Сыртқы істер министрлігіне келді, - делінген СІМ хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайтынын хабарлағанбыз. Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді.  Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.  
 

Өзгелердің жаңалығы