БҚО-да еріктілер оқушыларға ағылшын тілін үйретіп жатыр

8 Қараша 2020, 10:33
2008
Бөлісу:
БҚО-да еріктілер оқушыларға ағылшын тілін үйретіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да еріктілер мектеп оқушыларына тегін қосымша сабақ беріп жүр, «Birgemiz: Bilim» жобасы аясында ынталы жасөспірімдерге ағылшын тілінен дәріс оқылады. 

Сонымен қатар волонтерлер жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындалуына көмектеседі. Олар оқыту жүйесін әзірлеуде шетелдік көшбасшы университеттердің тәжірибесіне сүйенген. Қазталов ауданында апалы-сіңлілі Гүлбарам мен Асылзада еріктілер бастамасына үлес қосып жүр. Жас педагогтар аптасына 2-3 рет  жұмыстан тыс уақытында балаларға онлайн платформа арқылы ағылшын тілін үйретеді. Курсқа жазылған оқушылардың көбі аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде тұрады екен. 

Менің тобымдағы оқушылардың интернеттері нашар. Сондықтан тек WhatsApp желісі арқылы оқимыз. Қазіргі таңда 11 оқушы білім алуда. Олар – 7-сынып пен 11-сынып аралығындағы оқушылар. Деңгейлері бойынша бөлініп алынды. Менің деңгейім – beginner (бастапқы), яғни алғашқы деңгейден бастап сабақ беремін, - деді волонтер Асылзада Лұқпанова.



Өзгелердің жаңалығы