Бизнеспен жұмыс «бір қақпаның ойыны» болмауы тиіс – Шпекбаев

7 Сәуір 2021, 16:31
1831
Бөлісу:
Бизнеспен жұмыс «бір қақпаның ойыны» болмауы тиіс – Шпекбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өткен Business Integrity Forum-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев еліміздің ірі жеке ұйымдарында комплаенс-қызметтер құрылатынын жеткізді. 

Бизнеспен жұмыс «бір қақпаның ойыны» болмауы тиіс, - деді агенттіктің төрағасы. 
Бизнеспен жұмыс «бір қақпаның ойыны» болмауы тиіс – Шпекбаев

Оның сөзінше, кәсіпкерлер санасының өзгеруі де маңызды. 

Істерді жүргізу кезінде парасаттылық міндетті стандарт болуы керек. Комплаенс-қызметтерді қолдану тәжірибесі халықаралық деңгейдегі корпоративтік секторда кеңінен дамыған. Осы тұрғыдан алғанда, біздің еліміздің аумағында жұмыс істейтін трансұлттық компанияларда осындай қызметтердің болуы қуантады. Олардың қатарында «Теңіз Шевройл», «Шеврон», «Лукойл», «Шелл» бар, – деп атап өтті Шпекбаев. 

Антикор төрағасы айтып өткендей, аталған процесс елдің квазимемлекеттік секторында да жандана түсуде. Мысалы комплаенс бөлімшелері «Самұрық-Қазына» қорында және оның құрамына кіретін 12 компанияда жұмыс істейді. Сонымен қатар комплаенс-қызметтерді құру бойынша жұмыс Қазақстанның ірі жеке компаниялары тарапынан да қолдау тапты. 

Еске сала кетейік, елордада Business Integrity Forum өтті.

Өзгелердің жаңалығы