"Бізге қысым көрсетті". Шерзат ісіндегі сотталушы жауап берді

6 Мамыр 2025, 13:12
2261
Бөлісу:
"Бізге қысым көрсетті". Шерзат ісіндегі сотталушы жауап берді
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесінде сотталушы Дархан Әскентай сотқа дейінгі тергеу барысында берген жауабына келіспейтінін және қысым көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, сол түні 24 сағат қамалған жеті жігітке қысым келтірілген.

Кешке дейін телефонға түсірді, кабинеттен кабинетке тасыды. Ұрып-соғып, боқтық сөздер айтқаннан кейін… Оқиға болған жерге апаратын кезде ғана далаға шығарды, - деді Әскентай.

Сотталушының айтуынша, оқиға болған күні жәбірленушілерге ешқандай күш қолданбаған. Тіпті қылмыстық іс басталғанша сотталушылардың арасында тек Нұрболды таныған.

Сондай-ақ Әскентай қайғылы оқиға болған түні не болғанын былай деп сипаттады:

Нұрқанаттың қолында мылтық болды. Екі рет оқ атты. Оны өзім көрдім. Басында қайдан алып шыққанын білмеймін. Біріншісінде қорқытамын деп атты. Екіншісінде жігіттердің артынан жүгіріп барып, "атамын, тоқтаңдар" деп атты. Мылтық атылды. Сол кезде бір баланың құлап қалғанын көрдім. Оқ тиді ме деп қорықтым. Сол кезде шошып кеттім, – дейді Әскентай.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Алматы облысы Талғар ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан куәгер ретінде жауап берді. Сондай-ақ ол Шерзат Болаттың туысқан ағасы, марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың айғағы туралы сұраққа жауап берді.

Сотта Талғар ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан "Ғайыпбаевты қандай негізде түсірдіңіз?" деген сұраққа жауап бере алмады.

Сотталушы Дархан Әскентай даудың неден басталғанын қайта айтты.

Өзгелердің жаңалығы