Шерзат ісі бойынша сотта Талғар ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжаннан жауап алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Судья Ержан Жанұзақов "Заңға сәйкес видеоны қандай негізде түсірдіңіз? Заңға байланыстырып беріңізші? Оның ішінде нақты атауын айтсаңыз" деп сұрады.
Полиция басшысы жәбірленуші Нұрғанат Ғайыпбаевты не үшін түсіргенін былай деп түсіндірді.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін күдіктілер мен куәгерлерден жауап алынды. Нақты бабын айта алмаймын, - дейді Медет Әділжан.
Еске салсақ, Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Алматы облысы Талғар ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан куәгер ретінде жауап берді. Сондай-ақ ол Шерзат Болаттың туысқан ағасы, марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың айғағы туралы сұраққа жауап берді.