Біздің қоғам өзгерістерге зәру – Сайыров

16 Маусым 2022, 10:48
1554
Бөлісу:
Біздің қоғам өзгерістерге зәру – Сайыров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің қоғам өзгерістерге зәру және тез өзгерістерді қалайды. Дегенмен, біздің елдегі өзгерістер өте қатты қарқынмен жүріп жатыр! Конституциямыз "жеке адамның табынушылығы" синдромынан аластатылды. Конституциядағы ең басты принцип адамның, Қазақстан азаматының сайлауға және сайлануға құқы қайтарып берілді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.

Бір жылдың ішінде еліміздің саяси ландшафты түбегейлі өзгереді! Олигархтар мен заңсыз байығандардың да заманы тұйыққа тірелді. Жаңа Парламент, жаңа мәслихаттарға жаңа тұлғалар келуі анық. Өзгеріс дегеніміз осы! Саясатшылардың бет-әлпеті өзгеріп тұруы тиіс, саяси сахнаға үнемі жаңа адамдар шығып тұруы керек. Саяси дамудың логикасы осында. Міне, осындай "қайнап тұрған қазан" жағдайында демократия мен плюрализм тетіктерімен қоса, Еліміз бен Жеріміздің құндылығына баса назар аударатын, Ұлттық Бірлік, Ынтымақ құндылықтарын дәріптейтін институт қажет. Ұлттық Кеңес осы Бірлік, Ынтымақ, Ұлттық Консолидация құндылықтарына жұмыс істейтін орын. Бізде Қазақстаннан басқа мемлекетіміз жоқ, сол мемлекетіміздің тұрақтылығы мен территориясының бұлжымастығын сақтап, мемлекеттік институттарды бірқалыпты дамытуға назар аударатын жалпы Ұлттық жиналыс өте қажет. Бүгінгі күннің басты мәселесі демократия мен плюрализмді охлакратия мен анархияға айналдырып жіберуге жол бермеу. Демократия дегеніміз заң мен тәртіп. Ақсақ Темір "мемлекет дегеніміз мейірім, әділеттілік және темірдей тәртіп" деген екен, - деп жазды ол.

Демократияның басты аспектісі норма мен процедура екендігін анықтап алу қажет.

Максимализм, экстремизм, төзбеушілік тәрізді қоғамдық дерттерден сақтану тетіктерін қалыптастыру өте маңызды! Қазақстанның географиялық жағдайы өте күрделі.  "География это приговор" деген ұғым бар! Біз географиялық тұрғыда Европада немесе Солтүстік Америкада болсақ, басқа әңгіме айтуға болатын еді. Ал біз айдаһар мепн аюдың ортасында отырмыз. Екеуінің де азуы қатты, батыс күштеріне бой берейін деп тұрған жоқ. Қытай экономикалық бірінші держава болды, АҚШ пен күресуге дайын отыр. Бізге әрқашан осы факторларды есте сақтап  отыру қажет. Біз ата-бабамыз тәрізді "өмір үшін арпалысып, шекісіп,  беріспейтініміз" анық. Күресуге дайынбыз! Бірақ, сол "қайнаған отқа" жеткізбей, көршілермен қарым-қатынасты, өзіміздің арамыздағы аралас-құраласты, салмақты, салиқалы түрде дамыту өте маңызды! 
Жаңа саяси мәдениет дегеніміз өзара төзімділік. Мемлекетті сыйлау, демократияға процедура арқылы жету. Түркілік векторды дамыту өте маңызды! Бірақ сол түркілік вектордың өзін жаңадан бастау керек! Өйткені, мыңдаған жылдар бойғы "бөтен" өмір сүрудің арқасында біздің көзқарас, құндылық, салт дәстүрлеріміз ажырап кеткен. Құрылтайдың "Күн Тәртібіндегі" мәселелер осынау қым-қиғашы көп, турбулентті заманда ел мен жұрт пен ақылдаса отырып, осынау күрделі формулаларға жауап беру. "Құрылтайға анау кірмей қалды, мынау кірмеуі керек" деген әңгіме шығып жатыр. Бүл консультативті орган және ротация принципімен жұмыс атқарады. Яғни, адамдар ауысып тұрады. Реваншисттер мен ревизионисттер бұл процесске қаны қарсы екендігі анық! Олар қазір "тасадан тас лақтыру" әдісіне көшкен. Ол да әрқашан есте болуы тиіс..., - деп жазды депутат.

Өзгелердің жаңалығы