Біз үшін әрбір инвестор маңызды – әкім

31 Қазан 2023, 19:46
533
Бөлісу:
Біз үшін әрбір инвестор маңызды – әкім
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Бүгін облыс әкімдігінде суармалы егіншілікті дамыту және инвестиция тарту мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеңейтілген аппараттық жиналыс Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Біз орны толмас қайғыны бөлісе отырып, қаза тапқан жандардың рухына басымызды иеміз, - деді Асайын Байханов.

Облыс әкімі өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды.

Аппараттық жиналысқа қатысушылар суармалы егіншілікті дамытуды талқылады. Биыл суарылмайтын жерлердің есебінен облыстың суармалы егістік алқаптарының аумағы 15,8 мың га ұлғайып (жоспар - 9.0 га), 166 мың га.

Асайын Байханов агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жұмыстарды қолда бар ресурстарды тиімді қолдана отырып және ықтимал тәуекелдердің алдын-алу арқылы дамыту қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, жиналыста инвестиция тарту мәселелері қаралды. Осы жылдың 9 айында инвестиция көлемі 634,6 млрд теңге.

Инвестициялық жобаларды қолдау мен іске асыруда басты назарға тұрақты жұмыс орындарын құру негізделді.

Бүгінгі таңда өңірде 9,7 мың жұмыс орнын құру бойынша 127 жоба бар, оның 30% - ы жоғары біліктілікке ие.

Біз үшін әрбір инвестор маңызды. Біздің міндетіміз – инвестиция тарту ғана емес, жаңа жұмыс орындарын ашу. Сондай-ақ, инвестициялық штабтарды тұрақты негізде жүргізу қажет, - деп тапсырды облыс әкімі.

Жиналыстың тікелей көрсетілімі алдыңғы жазбада сақталған.

Өзгелердің жаңалығы