Биыл Жаңаөзенде газ өңдейтін жаңа зауыт салынады

19 Сәуір 2023, 11:09
646
Бөлісу:
Биыл Жаңаөзенде газ өңдейтін жаңа зауыт салынады
Фото: caspianlife.kz

Биыл Жаңаөзенде газ өңдейтін жаңа зауыттың құрылысы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алтай Көлгінов Үкіметте өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте мәлімдеді.

Үкімет басшысы елдегі жанар-жағармай өнімдерінің өндірісін арттыру бойынша жоспармен бөлісті.

Қазіргі уақытта көмірсутектік шикізат пен өндірістік әлеуеттің ресурстық базасын оны әрі қарай өңдеу үшін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығын толтыру үшін Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының әлеуетін жылына 6-дан 12 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Оны шикізатпен қамту үшін Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту жобаларын іске асыру жоспарда бар, - деп атап өтті Премьер-министр.

Сондай-ақ ол 2023 жылы Жаңаөзен қаласында қуаттылығы 900 млн текше метрді құрайтын газ өңдейтін жаңа зауыттың құрылысы басталады деп отыр. Айтуынша, жалпы газ саласында тауарлық газды жылына қосымша 4 млрд текше метрге дейін алуға мүмкіндік беретін заңнамалық нормалар қабылданды.

Мұнай-химия саласында бутадиен өндірісі мен оның өндірістік әлеуетін жылына 319 мың тоннаға дейін жеткізу жобасы іске асырылуда. Осы орайда қазіргі уақытта жылына 1,2 млн тонна полиэтилен өндірісі бойныша кешенді жобалау жүргізілу қолға алынды. Инвестицияның жалпы көлемі 8,7 млрд долларға тең, - деп нақтылады Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтіп жатыр. Кеңес барысында Әлихан Смайылов ел экономикасы осы жылдың I тоқсанында 4,9 пайызға өскенін, биыл қанша тұрғын үй берілетінін, алдағы екі жылда елдегі жолдың 95 пайызы жаңартылатынын айтты. Сондай-ақ ол ауыл халқының табысын арттыратын жоба басталатынын, 3 млн-нан астам қазақстандықтың жалақысы артатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы