Үкімет: 3 млн-нан астам қазақстандықтың жалақысы артады

19 Сәуір 2023, 10:30
820
Бөлісу:
Үкімет: 3 млн-нан астам қазақстандықтың жалақысы артады
Фото: Хабар24

Еліміздегі 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметте өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте мәлімдеді.

Отырыста Үкімет басшысы халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру туралы айтты.

Белгілі болғандай, шара аясында 3 млн-нан астам адамның жалақысы өседі деп жоспарланып отыр.

Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақытылы және толық көлемде орындалуда. Атап айтқанда, биыл 4,4 млн адамның әлеуметтік төлемдері көбейді. Осы мақсатта 4,6 трлн теңге бөлінді, - деп атап өтті Премьер-министр.

Сонымен қатар ол биыл ұлттық жобаларды іске асыру, жаңа өндіріс ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындары құрылады деп отыр. Бұл 1 млн адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Үкімет ауыл халқының табысын арттыратын жобаны бастағаны туралы осыған дейін жаздық. Ел экономикасы осы жылдың I тоқсанында 4,9 пайызға өскені туралы да айтылды.

Өзгелердің жаңалығы