Биыл қанша тұрғын үй берілетіні белгілі болды

19 Сәуір 2023, 10:16
707
Бөлісу:
Биыл қанша тұрғын үй берілетіні белгілі болды
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президенттің төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өтіп жатқан кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 2029 жылға қарай 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Оның ішінде 2023 жылы 15,3 млн шаршы метр. Биыл «Жаңа құрылыс» Кодексі Мәжіліске енгізіледі, - деді Үкімет басшысы кеңесте.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес жұмысын бастап, еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құру керегін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, кеңеске Премьер-министр, Парламент палаталарының спикерлері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы