Алдағы екі жылда елдегі жолдың 95 пайызы жаңартылады

19 Сәуір 2023, 10:19
1090
Бөлісу:
Алдағы екі жылда елдегі жолдың 95 пайызы жаңартылады
Фото: egemen.kz

Алдағы екі жылда елдегі республикалық маңызы бар жолдардың барлығы 95 пайызға жаңартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметте өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте мәлімдеді.

Автожол саласында 2025 жылға дейін республикалық жолдардың барлығын жаңғырту және жергілікті жолдардың 95 пайызын қалпына келтіру жоспарлануда. Биыл елімізде 3,6 мың шақырым жол, құрылыс және реконструкциялау жұмыстарымен қамту, жыл соңына дейін 856 шақырым жол пайдалануға беріледі, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Өткен жылдың қараша айында Достық-Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолының құрылысы басталды. 

Маусымның соңына дейін Дарбаза-Мақтарал-Алматы станциясының айналма теміржол желісі, Бақты-Аягөз жобалары бойынша техникалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша былтыр жүк көлемі екі есеге өсіп, 1,7 млн тоннаға жетті. Әзірбайжан, Түркия және Грузиямен қабылданған жол карталарын іске асыру нәтижесінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізінен биыл 2 млн тонна жүк өткізіледі. Оның қабілеті 2025 жылға дейін 10 млн тоннаға көтеріледі, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы