Биыл волонтерлердің қатысуымен 139 адам құтқарылды

26 Қараша 2020, 20:20
1696
Бөлісу:
Биыл волонтерлердің қатысуымен 139 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» тақырыбында Қазақстанның IX Азаматтық форумын өткізу шеңберінде онлайн режимде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.В. Ильиннің үкіметтік емес ұйымдар және волонтерлік ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шарада азаматтық қорғау органдарының үкіметтік емес ұйымдармен және волонтерлік ұйымдармен төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуда өзара іс-қимылы мәселесі талқыланды.

Юрий Ильин атап өткендей, министрлік бірнеше жыл бойы үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдармен тығыз ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асырып келеді. Жалпы біздің бірлескен жұмысымыз ТЖ-ны жою, іздестіру іс-шараларын жүргізу, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ның алдын алу және зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету.

Бұл жұмысқа Қызыл Жарты Ай Қоғамы, «Jas Otan» Жастар қанаты, Қазақстан Еріктілер лигасы, әкімдіктер жанындағы жастар орталықтары және т.б. белсенді қатысуда, олардың саны шамамен 66 ұйым.

Үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдар жұмысының тиімділігін біз Алматы қаласындағы сел ағынын (2015 жыл), Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тасқын суларды (2016-2020 жж.) жою кезінде көрдік. Зардап шеккен елді мекендерде олар өзендер мен арықтарды тазарту, жылы киім жинау, азық-түлік жеткізу және тарату, құрылыс материалдарын сатып алу, инженерлік құрылыстар салу және т. б. бойынша көмек көрсетті. 2019 жылы Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамының, «Мен – алматылықпын» қозғалысының, жарылыстан зардап шеккендерге Ұлттық волонтерлер желісінің волонтерлері Арыс қаласында психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетті - деді министр.

Биыл Сардорба бөгетінің бұзылуынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары волонтерлер қозғалысына ерекше қолдау көрсетті.

Тұрғын үй секторындағы халықтың өртке қарсы мәдениетін арттыру үшін волонтерлер үгіт материалдарын (жадынамалар, брошюралар, парақшалар, нұсқаулықтар) таратуға және шомылу маусымы кезінде демалыс аймақтарын патрульдеуге қатысады, профилактикалық іс-шаралар шеңберінде тұрғын үй секторында аулаларды аралау, жиындар, рейдтер өткізеді. Білім беру ұйымдарында волонтерлердің қатысуымен ашық сабақтар және өрт сөндіру бөлімдері мен өрт-техникалық орталықтарына экскурсиялар өткізіледі. Волонтерлер мектептер мен балабақшалардағы оқу-жаттығу эвакуациясына қатысады, адамдарды қажетті бағытқа бағыттайды және кабинеттерде қалған балалардың бар-жоғын тексеруге көмектеседі - деді ол.

Еліміздің сауда-ойын-сауық кешендерінде түрлі акциялар мен флешмобтар ұйымдастырылады.

Ағымдағы жылы балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын түсіндіру және терезелерге қауіпсіздік құлыптарын орнату бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және автомобильде өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша жеңіл автомобильдер мен автобустардың жүргізушілерімен әңгімелер жүргізілді.

Волонтерлік ұйымдар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін белсенді түрде тартылуда, 2020 жылы волонтерлердің қатысуымен 87 іздестіру-құтқару жұмысы жүргізілді,139 адам құтқарылды (2019 жылы 30-дан астам адам құтқарылды).

2016 жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлер республикалық оқу-жаттығуларға тартылуда, бұл оларға модульденген жағдайларды жоюға ішінара қатысуға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел белсенді түрде өтті, сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.

Юрий Ильин түрлі төтенше жағдайларды жою кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдарға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. Азаматтық қорғау саласы бойынша іс-шараларға волонтерлік ұйымдарды тарту және олардың одан әрі іс-қимыл жасау алгоритмін әзірлеу, үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдармен одан әрі ынтымақтастық шекарасын кеңейту міндеті тұр.

Өзгелердің жаңалығы