Биыл тағы 4 тікұшақ сатып аламыз – Юрий Ильин

2 Наурыз 2021, 13:18
1594
Бөлісу:
Биыл тағы 4 тікұшақ сатып аламыз – Юрий Ильин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Су тасқыны маусымына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу» тақырыбы асында өткен онлайн брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин төтенше жағдайлар кезінде тартылатын әуе көліктері жайлы айтты.

«Казавиаспас» компаниясы еншісінде еврокоптер класындағы МИ-8, К-32, МИ-26 тікұшақтар бар. Қазіргі таңда жоспарлы режимде регламенттік жұмыстарға сай келетін тікұшақтарды техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Былтыр мемлекет бюджетінен қосымша 4 тікұшақ сатып алған болатынбыз. Оның екеуі еврокоптер класынан болса, тағы екеуі – МИ-8. Биыл тағы 4 МИ-8 тікұшағын аламыз. Жалпы, барлық техника жұмыс істеп тұр, - деді ол.

Министр осыдан бірнеше күн бұрын Қостанай облысы аумағында жоғалып кеткен шопанды іздеу жұмыстарына «Казавиаспас» компаниясының тікұшағы тартылғанын жеткізді. 

Қостанайлық шопан бір апта бойы қар құрсауында қалған еді. Ол ең алдымен өзінің жанқиярлығы мен шыдамдылығы арқасында аман қалды. Азаматты іздеу жұмыстарына дәл осы «Казавиаспас» компаниясының тікұшағы тартылған болатын, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы