Биыл Павлодар облысында 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады

3 Шілде 2021, 07:45
1298
Бөлісу:
Биыл Павлодар облысында 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы үш жылда өңірде 72,9 мың жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова халықты табыс көзімен қамсыздандыру жұмыстарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Пандемияға қарамастан еңбек нарығының барлық негізгі индикаторлары тұрақты, – дейді Альмира Дисюпова. – Бүгінгі экономикалық белсенді халықтың 95,2 пайызы жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны өнеркәсіп саласында – 23,1 пайыз, ауыл шаруашылығында – 16 пайыз, қызмет көрсетуде – 15 пайыз. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз деңгейінде сақталуда. Өзін-өзін жұмыспен қамтығандардың саны екі мыңға азайды. 

Соңғы үш жылда 72,9 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 35,4 мың тұрақты табыс көзі. 2021 жылы 28,5 мың адам жұмыспен қамтылады.

«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде үш жылда жұмыспен қамтудың барлық түрлерімен 126 мыңнан астам халық қамтылды. Биыл бұл бағдарламаның орындалуына жеті миллиард теңге бөлінуде. Оған 28 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы