Биыл мектеп табалдырығын аттайтын балалардың 70 пайызы қазақ сыныбына баруды таңдаған

21 Тамыз 2023, 22:09
1042
Бөлісу:
Биыл мектеп табалдырығын аттайтын балалардың 70 пайызы қазақ сыныбына баруды таңдаған
Фото: скрин

Qazaqstan ұлттық арнасының «Өзекті» YouTube-жобасына берген сұхбатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл мектеп табалдырығын аттайтын балалардың 70 пайызы қазақ сыныбына баруды таңдаған. Тек білім саласында емес, кез келген салада қазақ тіліне сұраныстың күрт өскенін көріп отырмыз. Жалпы, қазақ тілі қазір еліміздегі түрлі этнос өкілдері арасында трендке айналды. Бүгінде орташа есеппен ақпарат саласы аудиториясының 85 пайызы мемлекеттік тілдегі өнімді тұтынып отыр. Ал 14-35 жас арасындағы жастар интернет кеңістікте 70 пайыздан астам контентті қазақ тілінде іздеген, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы