Биыл елімізде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

29 Қазан 2021, 17:26
51374
Бөлісу:
Биыл елімізде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай хабарлады.

Оның айтуынша, елімізде бес жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік іске асырылып келеді.

Ал аталған орталық бюджеттік инвестициялар мен МЖӘ жобаларының іске асырылуына бағалау жүргізіп отырады.

Сонымен, 2020 жылы жалпы құны 580 млрд теңге болатын 532 жобаны іске асырды. Бұл негізінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңарту мен салу бойынша жобалар. Сонымен 2900 шақырым сумен жабдықтау желілері жаңартылды және салынды. 1400 шақырым газбен жабдықтау желілері, 12,5 мың шақырым кәріз желілері жасалып, 246 шақырым жол қайта жөнделді, - деп атап өтті Ержан Сәрсенбай.

Сондай-ақ оның айтуынша, 390 мың шаршы шақырым тұрғын үй ғимараты бой көтерген.

Соның ішінде 100 төсек-орындық онкологиялық емхана мен орталық аудандық аурухана және өзге де әлеуметтік маңызды нысандар бой көтерді. Бұл жобалардың іске асырылуы нәтижесінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Құрылған жаңа жұмыс орындарының басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан – 727 жұмыс орны, Жамбыл – 675 жұмыс орны, Павлодар облыстарына – 394 жұмыс орны мен елордаға – 488 жұмыс орны тиесілі, - деді басқарма төрағасы.
Өзгелердің жаңалығы