Биыл ел бойынша ет шығаратын 7 жоба қолға алынады - АШМ

23 Қаңтар 2023, 11:39
983
Бөлісу:
Биыл ел бойынша ет шығаратын 7 жоба қолға алынады - АШМ

Биыл қуаттылығы жылына 50 мың тонна ет шығаратын 7 ет өңдеу жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Ербол Қарашөкеев осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Өңделген өнім өндірісінің көлемін ұлғайту және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру мақсатында жаңа өңдеу кәсіпорындарын салуды, жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуды және жете жүктеуді көздейтін шаралар кешені іске асырылатын болады.

2023 жылы республика бойынша қуаттылығы жылына 50 мың тонна ет шығаратын 7 ет өңдеу жобасын іске қосу жоспарлануда. Бұдан басқа, жалпы қуаттылығы жылына 25 мың тонна сүт өндіретін сүт зауыттарын жаңғырту бойынша 5 жоба жоспарланып отыр. Ал өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту үшін 5 жобаны пайдалануға беру көзделіп отыр, - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Сондай-ақ министр бес жылға арналған қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың іс-шараларын одан әрі іске асырылатынын айтты. Айтуынша, аталған жобаларды іске асыру қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Ол былтыр Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүн мен теріні терең өңдеу функциясы берілгенін еске салды.

Енді біздің міндетіміз осы бағыттың одан әрі дамуын қамтамасыз ету, ол үшін жүн мен теріні бастапқы өңдеп қана қоймай онымен қатар терең өңдеу үшін инвестициялық сусбсидиялауды енгізе отырып, тиісті шаралар кешені әзірленетін болады, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы