Биыл Art sport-қа қанша теңге бөлінді?

20 Маусым 2023, 14:37
1515
Бөлісу:
Биыл Art sport-қа қанша теңге бөлінді?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжілісте өткен комитет отырысында Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Art-sport жобасының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балаларды спортпен және шығармашылықпен айналысуға тарту мақсатында 2021 жылғы мамырда бастау алған мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс 2023 жылы өз жалғасын тапты. Биыл жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырысқа 560 мыңнан астам балаларды қамту үшін 86,7 млрд теңге қаражат қарастырды, - деді вице-министр.

Спорт министрлігі өкілі атап өткендей, бүгінгі таңда 4 пен 17 жас аралығындағы 375 мыңнан астам бала мен жасөспірім өздерінің арнайы ваучерлерін белсенді етіп, 8 353 спорт секциясы мен шығармашылық үйірмесіне барып жүр.

Оның сөзінше, 2022 жылы 83,6 млрд теңге бөлінді, оның есебінен 400 мыңнан астам бала қамтылды.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес бюджет заңнамасын ескере отырып, әкімдіктерге платформаларды өздері таңдауға мүмкіндік берілген болатын. Бұл конкурстық рәсімдерге аса көп көңіл бөлінуін ескере отырып, бірқатар тұлғаның конкурстық рәсімдерді «бұзу» бойынша әрекеттері бірнеше рет жүзеге асырылды. Мәселен, бірқатар өңір жоспарланған мерзімнен 5 айға кейін шарттар жасасты, - деп айтты Құранбек Мәжілісте.

Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында бір жылдан астам мерзімге мемлекеттік сатып алу шартын жасасу жөніндегі мәселені қарау талап етіледі.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте Мәжілісте Art sport бағдарламасын жетілдіру тетіктері талқыланып жатыр. Отырыста депутат Асхат Аймағамбетов бағдарламаның кемшін тұстарын айтып, тексеріс кезінде анықталған бұзушылықтарды атады. Айтуынша, мектепте ақысыз үйірмелер болса да, балаларға оны ақылы түрде бергені анықталды. Сонымен қатар депутат Ринат Зайытов Мәжілісте өтіп жатқан тақырыптық отырыста Art sport жобасын сынға алды. Ол басында бұл жоба бәрін қуантып еді, кейіннен дау шыққанын айтты. Бұдан бөлек ол шетелде жетістікке жетіп жүрген балалар туралы айтты. Сөзінше, шетелде қазақ баласы "Реал Мадридте" ойнаса, ұялмай жағамызды көтеріп, "біздің Қазақстанның баласы" дейміз.

Өзгелердің жаңалығы