Зайытов шетелдегі балалар туралы: "Реалда" ойнаса, ұялмай "біздің қазақтың баласы" дейміз

20 Маусым 2023, 13:07
1130
Бөлісу:
Зайытов шетелдегі балалар туралы: "Реалда" ойнаса, ұялмай "біздің қазақтың баласы" дейміз
Фото: Артём Чурсинов - архив

"Реал Мадридте" ойнаса, ұялмай жағамызды көтеріп, "біздің Қазақстанның баласы" дейміз. Депутат Ринат Зайытов шетелде жетістікке жетіп жүрген балалар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Мәдениет және спорт министрлігіне сұрақ қойды.

Балаларды оқытып, дамытып жатырмыз дейміз. Бірақ неге мемлекет қаржыландырған үйірмелерден шыққан балалардан жекеменшік үйірмелердің балалары озып кете береді? Мысалы, Астанада мемлекет қаржыландырып отырған футбол командалары кестенің ең соңғы орнында. Жеке өздері дайындалып жүрген балалар бірінші орында. Неге? Әдейі жасала ма немесе мемлекет ақшасының иісі басқа, түрі басқа ма? - деді ол отырыста.

Ринат Зайытов шетелде өз бетінше дайындалып жүрген балалар да бар екенін айтты.

Шетелде дамып жүрген балалар бар екенін де ескеріңіздер. Өз күшімен барып, футболға іріктеліп, ірі командаларда ойнап жүрген балалар бар. Бірақ сіздер (Мәдениет және спорт министрлігі - ред.) олардың санын білмейсіздер. Қанша бала бар? Олар қайда дайындалып жүр? Білмейсіздер. Ұят қой. Ертең сол балалар "Реал Мадридте" ойнаса, ұялмай, жағамызды көтеріп, "біздің Қазақстанның баласы" деп, сосын Димаштың артынан жүгіргендей жүгіреміз. Бірақ оның қалыптасуына дым көмектеспейміз, - деп айтты Ринат Зайытов.

Еске салсақ, бұған дейін Депутат Ринат Зайытов Мәжілісте өтіп жатқан тақырыптық отырыста Art-sport жобасын сынға алды. Айтуынша, басында бәрін қуантып еді, кейіннен дау шықты.

Өзгелердің жаңалығы