Биыл 70 мың мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

27 Қаңтар 2022, 12:35
1663
Бөлісу:
Биыл 70 мың мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында бірінші вице-министр Шолпан Каринова айтты.

Биыл кемінде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында осы өңірлерге педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама іске асырылады, - деді Шолпан Каринова.

Оның сөзінше, мұғалімдерге айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіледі (жоғары жалақы коэффиценті, баспана жалдау және коммуналдық төлемдер шығындарын өтеу). Бұл шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы