Биыл 2,9 млн азаматтың жалақысы 50%-ға дейін өсті

21 Қараша 2023, 15:31
552
Бөлісу:
Биыл 2,9 млн азаматтың жалақысы 50%-ға дейін өсті
Фото: Арман Мухатов - архив

ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов ОКҚ-да өткен брифингте жұмыскерлердің жалақысы өскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 940 кәсіпорны 6,3 млрд теңгеден астам сомаға 24 мың жұмыскерге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 22 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,4 млрд теңге төленді.

Бүгінгі күні республиканың 34 кәсіпорнының 1,9 мыңнан астам жұмыскер алдындағы жалақы бойынша қалдық берешегі 910,3 млн теңге, – деді Төлеген Оспанқұлов.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің басшысы жалақы бойынша берешекті болдырмау мақсатында тәуекел аймағындағы кәсіпорындардағы жағдай әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық және өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында жүйелі түрде қаралатынын атап өтті. Бұдан басқа, мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушінің жалақы бойынша берешегін төлеуі туралы нұсқамасының орындалуға міндетті құжаттың күші болады.

Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша кәсіпорындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірлескен жұмыс нәтижесінде еліміздің ірі және орта кәсіпорындарының 11 мыңнан астам жұмыс берушісі биыл 2,9 млн-нан астам жұмыскердің жалақысын 5-тен 50%-ға дейінгі мөлшерде көтерді, – деп деп түсіндірді ол брифингте.

Еске салсақ, жұмысшылары жиі наразылыққа шығатын салалар туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы