Биыл 1500-ге жуық дәрілік зат пен медициналық бұйым сатып алынды – СҚ-Фармация

4 Маусым 2021, 13:13
2019
Бөлісу:
Биыл 1500-ге жуық дәрілік зат пен медициналық бұйым сатып алынды – СҚ-Фармация

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев стационарлар мен поликлиникаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету барысы туралы баяндады.

«СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьютор ретінде ТМККК, МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық ұйымдар мен республика халқын дәрілік заттармен қамтамасыз етеді, Бұдан басқа, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру арқылы фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз етеді, - деп айтты Ерхат Есқалиев.

ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде 2021 жылға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 1 439 атауы сатып алынды. Оның ішінде бірыңғай дистрибьютор тізіміндегі барлық зат стационарлық көмекке арналған.

Бірыңғай дистрибьютор амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2 миллионнан астам қазақстандықты тегін препараттармен қамтамасыз ету үшін 662 атау сатып алады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС енгізілуімен 700 мыңға жуық сақтандырылған халық амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, - деді ол.

Оның сөзінше, егер 2019 жылға Бірыңғай дистрибьютор АЛО шеңберінде 45 нозология бойынша (ТМККК шеңберінде) дәрі-дәрмектер сатып алды, оның сомасы 114 миллиард теңгеден астам соманы құрады. Ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС шеңберінде 27,2 млрд теңге сомасына 105 нозология және ТМККК шеңберінде 130,3 млрд теңге сомасына 32 нозология енгізілді.

Осылайша, ТМККК және МӘМС шеңберінде 45-тен 137 нозологияға дейін 3 есеге кеңейтуге қол жеткізілді.


Өзгелердің жаңалығы