Биыл 11 мың орындық 32 жатақхана пайдалануға беріледі

17 Ақпан 2022, 17:40
1227
Бөлісу:
Биыл 11 мың орындық 32 жатақхана пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов хабарлады. 

Оның айтуынша, жатақхана салу үшін  республикалық бюджетте 152 млрд теңге көзделген.

Ең маңыздысы, бұл қаражат секвестрлеуге жатпайды. Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін объект құрылыс салушының меншігінде қалады. Жалғыз шарт 20 жылға объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалықты тіркеу болмақ. Тұтастай алғанда, барлық объектілер мен оларды одан әрі пайдалану қолданыстағы құрылыс, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қатаң сәйкестікте жүргізілуі тиіс, - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол биыл қанша жатақхананың құрылысы аяқталатынына тоқталды. 

Алдын ала жасалған шарттар, жергілікті бюджет қаражатынан нысаналы құрылыс, меншікті қаражат және демеушілік қаражат есебінен биыл 11 057 орындық 32 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда аралық нәтижелер бар. 30 630 орындық 124 жатақхана пайдалануға берілді, - деді Асқар Ибраимов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін  елімізде қанша жекеменшік мектептердің саны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы